"Еңбек" бағдарламасы: 6 мыңнан астам микрокредит пен грант берілді

2 Маусым 2020, 09:53
1798
Бөлісу:
"Еңбек" бағдарламасы: 6 мыңнан астам микрокредит пен грант берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.

Жұмыспен қамту мәселесі арнайы құрылған ведомствоаралық комиссияның алты отырысында қарастырылған болатын. Мемлекеттік органдарға, өңірлерге 50-ден астам нақты тапсырма берілді. Оның ішінде кемшіліктерге байланысты да өңірлер қажетті тапсырмалар алды. Жалпы "Жұмыспен қамту жол картасы" бойынша жобалардың 4/1 білім саласындағы нысандарға қатысты, оның 1400-ге жуығы мектеп, балабақша, интернаттарды құрайды. Жобаларға қызметкерлердің 50 пайызын жұмыспен қамту орталықтары бойынша тарту талабы толығымен орындалуда. "Еңбек" бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам микрокредит пен грант берілді. Оның 30 пайызын аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар және жастар құрайды. Мемлекетпен субсидияланатын жұмыс орындарының көлемі 90 мыңнан 211 мыңға өсіп отыр, - деді ол.

Ералы Тоғжанов ҚР премьер-министрінен халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге қажетті тапсырма беруді сұрады.

Біріншіден, жұмыспен қамту аясындағы мемлекеттік бағдарламадағы механизмдерді тиімді іске асыруды, екіншіден, әрбір жұмыстан босатылған азаматпен жеке жұмыс жасап, мемлекеттік қолдау көрсетуді, үшіншіден, мемлекеттен бөлініп жатқан қаражатты мақсатты түрде пайдалануды қамтамасыз етуді тапсыруыңызды сұраймыз, - деді ол.
Айта кетейік, Үкімет отырысында бүгін нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.
Өзгелердің жаңалығы