Дзюдодан Қазақстан командасы үздік үштікке енді

8 Сәуір 2019, 12:17
2211
Бөлісу:
Дзюдодан Қазақстан командасы үздік үштікке енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Анталия қаласында дзюдодан кезекті Гран-при турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дзюдошылар бәсекесінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. 60 келідегі Елдос Сметов қарсылас шыдатпай, турнир жеңімпазы атанса, 48 келідегі Галбадрах Отнгонцэцэг ақтық сында сүрініп, күмісті қанағат тұтты. 

Бұл екі балуан да 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жүлдесін иеленген. 

Өкінішке қарай, жарыстың қалған екі күнінде қазақстандық дзюдошылар алысқа ұзаған жоқ. 

Гран-при турнирінің қорытындысы бойынша екі жүлде еншілеген Қазақстан командасы жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. Алғашқы екі орында Грузия және Әзірбайжан командалары тұр. 

Өзгелердің жаңалығы