Бас жаңалықтар
Дзюдодан Қазақстан құрамасына бас бапкері тағайындалды
25 Қаңтар 2019, 18:27 1219

Дзюдодан Қазақстан құрамасына бас бапкері тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің шешімен дзюдодан Қазақстан ұлттық әйелдер құрама командасының бас бапкері ауысты.

2019 жылдан бастап дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасын бас бапкер ретінде Ерлан Серікұлы Алпысбаев баптайды. Ал 2018-2019 жылдары бас бапкер қызметін атқарған Марат Данайбаев әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарады. Бұл туралы Қазақтан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ерлан Алпысбаев – дзюдодан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы. 2017 жылдан бері Қазақстан жастар қыздар құрамасының тізгінін ұстаған. 2017-2019 жылдар аралығында Ерлан Алпысбаевтың шәкірттері Әлем чемпионатынан 1 күміс, Азия чемпионатынан 4 алтын, 5 күміс, 7 қола медальға қол жеткізген. 2011-2017 жылдар аралығында Қазақстаан жасөспірімдер командасының бапкері, ал оған дейін Алматы қаласындағы К. Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде тренер қызметін атқарған.

Сізден жаңалық