Бас жаңалықтар
Дзюдодан Қазақстан құрамасы жылдың алғашқы жарысына қатысады
20 Қаңтар 2020, 15:18 170

Дзюдодан Қазақстан құрамасы жылдың алғашқы жарысына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Тель-Авивтегі әлемдік гран-приге қатысады. Бұл туралы ҚР дзюдо федерациясы хабарлады. 

23-25 қаңтар күндері Израиль астанасында дзюдодан әлемдік гран-при кезеңі өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша лицензиялық гран при-турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай қосылмақ. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы -  490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан үлестіріледі. 

Жылдың алғашқы додасына әлемнің 88 елінен 623 дзюдошысы жиналады деп жоспарлануда. Аталған бәсекеде Қазақстан намысын 20 дзюдошы қорғайды. 

Ерлер: 
Мағжан Шамшадин (-60 келі) 
Ғұсман Қырғызбаев (-60 келі) 
Елдос Жұмақанов (-66 келі) 
Ерлан Серікжанов (-66 келі) 

Жансай Смағұлов (-73 келі) 
Серік Ақылбек (-73 келі) 
Дидар Хамза (-81 келі) 
Руслан Мұсаев (-81 келі) 
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 келі) 
Айбек Серікбаев (-100 келі) 
Виктор Демьяненко (-100 келі) 
Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) 
Ғалымжан Қырықбай (+100 келі)

Әйелдер: 
Ақмарал Науатбек (-48 келі) 

Анна Казюлина (-52 келі) 
Севара Нышанбаева (+57 келі) 
Мөлдір Нарынова (-70 келі) 
Зере Бектасқызы (-70 келі) 
Зарина Райфова (-78 келі) 
Назгүл Маратова (+78 келі).



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...