Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының жартылай финалында белдеседі

25 Тамыз 2019, 15:46
1783
Бөлісу:
Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының жартылай финалында белдеседі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токиода (Жапония) дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Әлем үздіктері жиналған бәсекенің бірінші жарыс күнінде ерлерден 60 келі, әйелдерден 48 келіде белдесулер өтуде. Өкінішке қарай, команда үздігі Елдос Сметов ширек финалда ұтылды. Ал Ғұсман Қырғызбаев өз тобында жеңімпаз атанып, жартылай финалға өтті, деп хабарлады Olympic.kz. 

60 келіде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев алғашқы айналымда Гватемала спортшысы Джулио Молинаны жеңді.  

Екінші кездесуде бразилиялық Филипо Китадайдан басым түсті. Үшінші айналымда болгариялық Валентин Алипииевты ұтқан жерлесіміз кейін тәжірибелі Амиран Папинашвилиді жарыс жолынан шығарды.  

Сондай-ақ, ширек финалдағы тартысты белдесуде Ғұсман қырғызстандық Қуанышбек Айбекұлын жеңді. 

Жартылай финалда Ғұсман Қырғызбаев Өзбекстан командасының үздігі Шарафуддин Луфтиллаевпен белдеседі. Луфтиллаев өз кезегінде жапондық Наохиса Такатоны «иппон» әдісімен ұтқанын айта кеткен жөн. 

ғ1.jpg

2015 жылғы әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды. Ол ширек финалда татами иесі, жапондық Рюджу Нагаямадан жеңіліс тапқан болатын. Іріктеу айналымында Сметов Кувейт, Италия және Йемен спортшыларынан басым түсті. Жұбаныш белдесуіндегі Елдостың қарсыласы – тайпейлік Юнг Вей Янг.  

ғ2.jpg

48 келіде белдескен Отгонцэцэг Галбадрах та жұбаныш белдесуіне қатысады. Ол Израиль және Колумбия спортшыларын оңай жеңгенімен, өзінің ежелгі қарсыласы, моңғолиялық Мухбат Уранцэцэцгтен ұтылып қалды. Жұбаныш белдесуінде Галбадрах испандық Лаура Абеленда Мартинеспен кездеседі. 

Финалдық блок Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады. 

Өзгелердің жаңалығы