Еуропа кубогінде дзюдошылар екі медаль алды

17 Ақпан 2019, 13:24
1659
Бөлісу:
Еуропа кубогінде дзюдошылар екі медаль алды

Астана, BAQ.KZ.  Дзюдодан Қазақстан командасы Римде өтіп жатқан Еуропа кубогінде екі медаль еншілеп үлгерді, деп жазады Қазақстан дзюдо федерациясы.  


60 келіде белдескен Дәурен Сүйкенов пен Бауыржан Жауынтаев сәйкесінше күміс және қола медаль алды. 

Дәурен Сүйкенов финалда әзербайжандық Орудж Вализадтан айласын асыра алмай, екінші сатыға тұрақтады.

Ал Бауыржан Жауынтаев қола медаль үшін күресте моңғолиялық Арюнболдой Энхтайваннан басым түсті. 

Еске сала кетсек, 16-17 ақпан күндері Италия астанасы Рим қаласында өтіп жатқан  дзюдодан ерлер арасында Еуропа ашық кубогіне Қазақстан құрамасынан 22 дзюдошы қатысады .
Өзгелердің жаңалығы