Қазақстандық теннисшілермен ойынды асыға күтемін – Джокович

24 Қазан 2019, 13:45
3166
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілермен ойынды асыға күтемін – Джокович
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанға алғаш рет келген сербиялық теннисші Новак Джокович болашақта қазақстандық теннисшілермен ойнағысы келетінін айтты.

Бүгін ТМД елдерінің территориясында Надаль мен Джокович алғаш рет ойнайды.

IMG_8783.JPG

Новак Джокович – АТР рейтингінде бірінші орында, үлкен шлемнің 16 дүркін чемпионы. Masters сериясындағы 9 турнирдің де жеңімпазы болған алғаш теннисші. АТР әлемдік финалының 5 дүркін жеңімпазы. Соның ішінде, ол 4 рет қатарынан жеңіп, әлемдік рекорд орнатты. Masters сериясындағы турнирлерінде 30 титул және түрлі турнирден жеңімпаз болған бірегей теннисші.

"Здравствуйте, сәлем. Сіздер орысша сөйлей аласыздар. Мен бұл тілді кішкене білемін, кішкене түсінемін. Рафаның менімен ойнайтыны үшін рақмет... Рафаның сөздерін қайталап өткім келеді. Шақыру үшін Болат Өтемұратов мырзаға алғыс білдіремін... Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Нұр-Сұлтан – өте әдемі қала. Болашақта Қазақстанда АТР турнирін өткіземіз деген үміттемін. Қазақстандық теннисшілермен де ойынды асыға күтемін", - деді Джокович.
IMG_8574.JPG

Рафаэль Надаль – үлкен шлем турнирлерінің 19 дүркін чемпионы. 12 рет Францияның ашық чемпионатын жеңген. Карьералық "Алтын шлем" иегері.
Ол Қазақстанда екінші рет қайырымдылық матчын өткізбек. Бұған дейін ол 2014 жылы Жо-Вильфрид Тсонгамен ойнаған болатын. 

DSC_9783.JPG

"Мен тағы келдім. Қайта келгенім үшін бақыттымын. Қайырымдылық матчына келіскені үшін Новакқа рақмет. Шақыру үшін Болат Өтемұратовқа алғыс білдіруім керек. Бұл матч жанкүйерлер мен балалар тарапынан тенниске деген қызығушылықты арттырады деген үміттемін", - деп қосты әлемнің екінші теннисшісі.

DSC_9793.JPG

Сонымен қатар, Надаль үйлену тойы жайлы сұраған журналист сұрағына жауап берді.

"Тойды ұзақ уақыт жоспарлағанбыз. Барлығы жақсы өтті", - деп қысқа қайырды испаниялық теннисші. 
844315.jpg

Айта кетсек, қазанда Рафаэль Надаль өзінің 14 жылдан бері сүйіктісі болып келген Мария Франциско Пареллоға үйленді.  

Әлемнің бірінші және екінші ракеткасы Нұр-Сұлтанға кеше түнде келді

Бүгін олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы