Дүйсенбі, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

2 Мамыр 2022, 09:10
1565
Бөлісу:
Дүйсенбі, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің оңтүстігі мен шығысында бұршақ жауады. Республика бойынша жел күшейеді. 

Ақмола облысының солтүстік жартысында, Алматы облысының шығысында, күндіз Атырау облысының шығысында 15-20 м/с жел тұрады. 

Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы, тау бөктерінде – найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. 

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, батысында, шығысында-тұман түсіп, желдің ылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін күшейеді. 

Павлодар, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында бұршақ жауып, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы