Қазір елде дүрлігу жоқ – Цой

1 Қазан 2020, 18:35
1473
Бөлісу:
Қазір елде дүрлігу жоқ – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде қазіргі таңда елде ажиотаж жоқ екенін айтты.

Министрліктің тікелей әрекеті жағдайды жақсартуға бағытталған. Көріп отырсыздар, жағдай жақсарып келеді. Қазір елде дүрлігу жоқ. Дәріханаларда дәрі-дәрмек толып тұр. Қосымша төсек-орындар жабдықталған. Барлық қажетті шара қабылданды, - деді Алексей Цой.

Айта кетейік, бұған дейін министр 5 қазаннан бастап елде қандай шектеулер қойылатыны мәлімденген еді. Оның айтуынша, елдегі жағдай тұрақталып, барлық өңір «жасыл аймақта» болғанына қарамастан, өзге мемлекеттердегі жағдай ушығып келеді. Сондықтан Қазақстанға инфекция таралуының алдын алу мақсатында мекемеаралық комиссия тиісті шешімдер қабылдаған.

Өзгелердің жаңалығы