Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысымен кездесті

5 Наурыз 2019, 19:11
1285
Бөлісу:
Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысымен кездесті

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) бас хатшысы Куния Микуриямен кездесу өткізді, деп жазады Рrimeminister.kz

Кездесу барысында ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер, соның ішінде «Меркатор» бағдарламасы аясындағы және ҚР-да заңнамалық реформаларды өткізу, сауда-саттық рәсімдерін жеңілдету бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымы келісімінің ережелерін Қазақстанда іске асыру, сондай-ақ, Қытаймен шекарада соңғы технологиялық инновациялармен жарақтандырылған «Нұр жолы» жаңа өткізу пунктінің техникалық мүмкіндіктері аясындағы мәселелер талқыланды.

Куния Микурия транзит саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Транзит рәсімдерін тиімді қолдануды ұйымдастыру және ДКҰ-ның ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы экономикалық аймақтар жөніндегі форумының жұмысына қатысуы туралы мәселелер қаралды.

Асқар Мамин Қазақстан Үкіметі кедендік әкімшілендіру саласындағы табысты әлемдік тәжірибені енгізу жұмыстарын жалғастыратынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы