Дүниежүзілік тазалық күні: Маңғыстаулықтар бүкіләлемдік сенбілікке қатысты

18 Қыркүйек 2021, 16:30
4387
Бөлісу:
Дүниежүзілік тазалық күні: Маңғыстаулықтар бүкіләлемдік сенбілікке қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Дүниежүзілік тазалық күні. Маңғыстаулықтар экологиялық жағдайға өз үлестерін қосу үшін мыңдаған адам сенбілікке шықты.

Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және облыстық экология департаментінің қызметкерлері, отбасы мүшелерімен дүниежүзілік науқанға қатысып, қоқыстар үйіліп жиналып қалған аумақтарды тазалады. Тұрмыстық қалдықтар, құрылыс және басқа да қоқыстар қаптарға жиналып, полигонға жіберілді.

Каспий теңізінің жағалауы адамдар ең жиі баратын орынның бірі болып табылады және оның айналасын таза ұстау – бұл әрбір қала тұрғынының міндеті. Жалпы баршамыз қоршаған ортаны қорғауға үлкен көңіл бөлуіміз қажет. Мәселен, табиғат жанашырлары қала шегінде «Өлі көл» (Кіші Оймаша көлі) аумағы мен басқа да аумақтарды қоқыс үйіндісін жинауға бір кісідей атсалысты. Акцияға қатысқандардың ішінен мемлекеттік қызметшілер, еріктілер және қоршаған қортаға бей-жай қарамайтын тұрғындарды ерекше атауға болады, - деді Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков.

Сенбілікке қатысушылардың барлығы жеке қорғаныс құралдарымен, атап айтқанда, антисептик, қолғап, маскалармен, қоқысқа арналған арнайы пакеттермен қамтамасыз етілді. Жиналған қоқыс көлемі жүз тоннадан асты. Әсіресе шыны, пластик, резеңке, тонна-тонна қағаздар, автошиналар, құрылыс материалдары көп кездесті. Белсенді қатысушылар арасында үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар: «Эко Маңғыстау», «Маңғыстау табиғаты», «Еcojer» қауымдастығы, «Невада-Семей» қозғалысы, «Табиғи орта». Сондай-ақ «Yessenov University» студенттері мен Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, қарапайым тұрғындар да аз болмады.

Дүниежүзілік тазалық күні: Маңғыстаулықтар бүкіләлемдік сенбілікке қатысты

Миллиондаған адамдар жыл сайын «Дүниежүзілік тазалық күні» азаматтық акциясына қатысады, оның идеясы Эстонияда пайда болды. 14 жыл бойы әлемнің 180 елінде қоғамдық және қорық орындарын қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар өткізіліп келеді. Дүниежүзілік тазалық күні - бұл елдің әлемді қалай өзгерте алатындығының мысалы. Барлығы адамзаттың қолында. Біздің әрқайсымыз әлемді жақсы жаққа өзгерткіміз келеді. Ең бастысы ұмтылыс бар. Шетте қалмай, бізді қолдауға келгендердің барлығына алғыс айтамыз, - деді Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.

Науқанның негізгі міндеттерінің бірі – жұртшылықтың барынша назарын қоршаған ортаны қалдықтармен ластау мәселесіне, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтына, дербес экологиялық ізді азайтуға және тұрақты дамуға аудару болып табылады.

Дүниежүзілік тазалық күні іс-шарасы 14 жыл бойы қатарынан өткізіліп келеді. 2008 жылы эстониялықтар бастаған науқанға Қазақстанды қоса алғанда, шамамен 180 ел қатысуда. Айта кету керек, бұл шаралар #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық қозғалысы аясында ұйымдастырылады.

Дүниежүзілік тазалық күні: Маңғыстаулықтар бүкіләлемдік сенбілікке қатысты

Өзгелердің жаңалығы