Дубай мұнарасымен салыстыруға келмейді. Елбасы 30 жылдыққа ашылатын ғимараттарды тізіп берді

17 Қараша 2021, 17:38
1548
Бөлісу:
Дубай мұнарасымен салыстыруға келмейді. Елбасы 30 жылдыққа ашылатын ғимараттарды тізіп берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Астана клуб» отырысына онлайн қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Біз елордамызда қонақтарды қабылдауға дайынбыз. Елордамыз күн санап көркейіп жатыр. Биыл Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелейді. Қазақстандағы ең биік ғимарат «Qazaqstan» мұнарасының ашылуын атап өтеміз. Бұл Орталық Азиядағы ең биік ғимарат. Әрине, Дубайдағы мұнарамен (Бурж Халифа – автор) салыстыруға келмейді. Бұл ғимараттың ұзындығы 320 метрге тең. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында осы ғимаратты ашамыз, - деді Елбасы.

Назарбаев тағы бір ғимараттың ашылуы 30 жылдыққа арналатынын айтты.

Өте үлкен мешіт ашылады. Ондай ғимарат та біздің айналамыздағы кеңістікте жоқ. Осылайша, мерейтойымызды айтулы шаралармен атап өтеміз. Ең бастысы бұл қаланы халық үшін ыңғайлы, әдемі, жасыл қылдырғымыз келеді. Бізде артықшылықтарымыз жетерлік. Жазда өте ыстық, қыста қатты суық. Біз оған үйреніп те қалдық. Әлем бір-бірін шынықтырған сияқты. Біздің табиғат пен ауа райы бізді мықты етеді. Денсаулықтарыңыз мықты болсын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев клуб отырысындағы қорытынды сөзінде.

Өзгелердің жаңалығы