Дубайдағы EXPO-2021 көрмесінде Қазақстан павильоны қандай болады?

1 Қазан 2021, 18:38
10351
Бөлісу:
Дубайдағы EXPO-2021 көрмесінде Қазақстан павильоны қандай болады?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ы Дубайда өтетін дүниежүзілік «EXPO-2021» көрмесі алдында Нұр-Сұлтан қаласындағы EXPO нысандарына пресс-тур өткізіп, Қазақстан павильоны қалай жарақталатыны жайлы айтты.

1 қазанда ашылатын көрменің жұмысы алты айға жалғасып, 2022 жылдың 31 наурызында аяқталады. Көрме «Ақылды біріктіріп, болашақты бірге құрамыз» тақырыбымен өтеді.

Дубайдағы EXPO-2021 көрмесінде Қазақстан павильоны қандай болады?

«QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ның төрағасы Аллен Шайжүнісовтың айтуынша, көрмедегі Қазақстан павильонының аумағы 3400 шаршы метрді құрайды. 

Қазақстанның павильоны мүмкіндіктер кластерінде орналасқан. Оны өте беделді әрі әлемдік көрмелерде павильон жасап жүрген швейцариялық компания жасап берді. Неліктен отандық компаниялар жасамады дегенге келсек. Біріншіден, құрылыс алаңы шетелде орналасқан. Екіншіден, көрменің өзі бұл арнайы нысан. Оларды жинап әкетуге немесе сонда қалдыруға болады. Қазір павильонды Қазақстанға көшіріп әкелу мәселесі айтылды. Сонымен қатар оны Қазақстанның экономикалық, сауда мүддесі үшін сонда мейлінше сақтау керектігі айтылды. Сондықтан оны көшіру, көшірмеу мәселесі әлі де талқыланып жатыр, - дейді Шайжүнісов.
Дубайдағы EXPO-2021 көрмесінде Қазақстан павильоны қандай болады?

Сондай-ақ ол көрмедегі Қазақстан павильонының құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталғанын жеткізді. Дегенмен қазір мультимедиялық жабдықтарды монтаждау жүргізіліп жатыр екен.

Дубайдағы EXPO-2021 көрмесінде Қазақстан павильоны қандай болады?

Көрмедегі Қазақстан павильоны төрт бөлімнен тұрады.

Дубайдағы EXPO-2021 көрмесінде Қазақстан павильоны қандай болады?

Оған кірген бетте шоудан басталады, онда адамзаттың ДНК коды мен миграциясының қалыптасуы баяндалады.

Дубайдағы EXPO-2021 көрмесінде Қазақстан павильоны қандай болады?

Бірінші бөлім «Қазақстан ұлы дала елі» деп аталады. Онда еліміздің әсем табиғаты, сакралды орындар, мәдени мұралар, биоәртүрлілік және елдің табиғи мүмкіндіктері ұсынылады.

Екінші бөлім ел астанасы Нұр-Сұлтан мен республиканың өзге аймақтарына арналған.

Үшінші бөлім «Future road» деп аталады. Бұл бөлімде елдің барлық озық мүмкіндігі ұсынылады деп жоспарланып отыр.

Төртінші бөлім - «Final show». Бұл ақылды ойластыру тақырыбына арналған. Онда адам мен жасанды интеллекті арасындағы симбиозы көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы