Дуалды білім беру жүйесі бойынша білім алған кездегі уақыт еңбек өтіліне қосылады

28 Мамыр 2021, 12:16
9998
Бөлісу:
Дуалды білім беру жүйесі бойынша білім алған кездегі уақыт еңбек өтіліне қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлім болды.

Біздің елде колледждерді тәмамдаған түлектер жұмысқа орналасқанда еңбек өтілі мәселесі өткір тұратын сұрақтың бірі екені белгілі. Сондықтан, заңнамаға тиісті өзгеріс енгізіліп, дуалды білім беру жүйесі бойынша білім алған кездегі уақыт еңбек өтіліне қосылатын болады. Бұл өзгеріс биылдан бастап іске асырылды, - деді ол.

Министр колледж қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі 50%-ға іске асқанын жеткізді. Ол колледж директорлары аттестацияға байланысты 30%-дан 100%-ға дейін өз еңбек ақыларын көтеруге мүмкіндік алғанын айтты.

Сонымен қатар, біз колледждердің табыс табуына жағдай жасап, заңға жаңа қызмет түрін енгіздік. Егер колледж тәжірибелік жұмыстар кезінде қандай да бір өнім өндірген болса, қазір заңға енгізілген өзгерістерге сай, колледждер бұл зат түрлерін өнімді түрде шығара алады. Ал одан түске пайданы оқу орнына қажетті заттарды алуға немесе колледждің материалды-техникалық базасын қамтамасыз етуге жұмсай алады, - деді Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы