Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

30 Наурыз 2019, 09:42
3778
Бөлісу:
Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic колледжі базасында дуалды оқыту бойынша баспасөз-турын ұйымдастырды.

Аталған шараға еліміз көлемінен 15-тен астам БАҚ өкілі қатысты.

Алғашқы күні колледждің оқу-әдістемелік және техникалық базасымен танысудан кейін журналистер қаладан 100 шақырым жердегі «Ембімұнайгаз» АҚ мұнай бұрғылау орнына барды.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Мұнда «Ембімұнайгазға» қарасты «Жайықмұнайгаз» МГӨБ жұмысымен танысып, APEC PetroTechnic колледжінен білім алып, қазіргі таңда аталған мұнай өндіріс орнында қызмет істеп жүрген жас мамандармен жолықтық.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

«Өзім Атырау қаласында дүниеге келдім. APEC PetroTechnic колледжінің түлегімін. Бұл жерде жұмыс істеп жүргеніме бір жылдан асты. Қазіргі кезде зерттеу цехының операторы міндетін атқарамын» - дейді Жангелді Мәселім есімді жас маман.

Ол APEC PetroTechnic колледжінде дуалды оқыту бойынша білім алған.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

«Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан дуалды оқыту бағдарламасына іліндім. Ол кезде «Атырау Мұнай және газ» институтында 2 курс студенті едім. Алға келе салып 6 ай тәжірибеден өттім. Оқуымды аяқтап, қолыма диплом алған соң «Ембімұнайгаз» АҚ-на тест тапсырдым. Тесттен жоғары балл жинаған студенттер осында жұмысқа қабылданған болатын. Мен сол санаулы студенттің бірімін» - дейді Жангелді.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Оның айтуына қарағанда дуалды оқу бағдарламасы бойынша оқуға да, одан кейін сала бойынша жұмыс істеуге де қойылатын талаптар аса қиын емес.

«Ембімұнайазға» тестлеуге келгенде не оқыдық, соны сұрады. Және 6 ай тәжірибе кезінде қандай білім алдық, сол жайлы сұрақтар болды. Бұдан бөлек, аса күрделі сұрақ бола қойған жоқ» - дейді жас маман.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Жангелді Болатұлының өз жалақысына көңілі толады. Және еңбекақы жоғары екенін де айтып өтті.

«Одан бөлек әлеуметтік көмектің барлығы қарастырылған. Тіпті, әке-шешем, бауырларым – барлығы да медициналық көмек алып отырады. Өзіміз вахталық жұмыс істегендіктен, 15 күн осында, 15 күн қалада (Атырауда – ред.) боламын. Осында болған кезде бізге барлық жағдай жасалған» - дейді Жангелді.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Жангелдінің әңгімесінің рас екенін мұнай компаниясының шағын демалыс орнын көргенде сезіндік.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Жұмысшылардың бос уақытында немен айналысамын десе, барлығы бар.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Спорт залы денешынықтыруға керек құрал-жабдыққа толып тұр.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Ал мәдени кештер ұйымдастырамын деген жанға шағын акт залы әркез дайын.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Тіпті, демалыс орнында шағын кітапхана жұмыс істейді. Барлығы - мұнай саласына қатысты әдебиет.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Айтпақшы, осы жерде кейбір қалалық кітапханалардан кездесе бермейтін Әбіш Кекілбаев шығармаларының толық жинағы көзге шалынып қалды.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Ал мұнай компаниясының өткені мен бүгінінен сыр шертетін музейде сонау 1957 жылдан беріқарайғы тарих сақталған.

«Мені APEC PetroTechnic жоғары колледжіне алып келген бірден-бір жағдай – мұнда Канададан келген білікті мамандардың сабақ беруі еді. Олар барлық дәрістерін ағылшын тілінде өткізді. Осы екі себеп, яғни жоғары білікті маман мен ағылшын тіліне деген қызығушылығым мені осында алып келді» - дейді Жангелді Мәсәлім.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

«Болашақта мықты мұнайшы болып, еліме пайдамды тигізгім келеді» - деген Жангелді институттағы оқуды тоқтатып, колледжге барғанына өкінбейтінін айтады.

«Иә, мен институтты тастап, колледжге келдім. Және бұл қадамыма өкінбеймін. Себебі APEC-те білімімді жетілдіріп, жұмысқа орналастым. Қазір институттағы оқуымды жалғастырып жүрмін. Алла бұйырса, осы көктемде институтты аяқтаймын. Дуалды оқытудың мен үшін тиімділігі де осы болды» - дейді жас мұнайшы.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Жангелдімен әңгімелесе жүріп, оның қазіргі жасап жатқан жұмысымен де танысудың сәті түсті.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Соңғы технология бойынша тербелмелі мұнаралар арқылы мұнай ұңғымасынан шикімұнай шығаратын бұл апарат «қаралтынды» қара жердің бетіне шығарады. Қазір Жангелді бұрғы жолында кедергі бар ма, құбырдың айғұлағы (калапаны) жабылып қалған жоқ па, соларды тексеру үстінде.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Бұл жерде де аса жауапкершілік керек. Қалт етсең, мүлт кетесің. Мүлт кетсең – өміріңе қауіп төнеді.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ-қа қарасты 11 бұрғылау орны бар. Олардан алынған сынамалар да БАҚ өкілдерінің назарына ұсынылды.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Ал осы ашық аспан астындағы шағын көрмеден «Ембімұнайгаз» компаниясының 2018 жылғы көрсеткішімен танысуға болады.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

«Consolidated Contractors Company» АРЕС оқытушыларының қатысуымен АРЕС негізінде 5 мамандық бойынша оқыту жүргізді: электрик, дәнекерлеуші, ағаш ұстасы, құбыр және орнату. Барлығы 500-ден астам адам осы бағдарлама бойынша білім алды. Олардың 87%-ы ССС-де жұмыс істейді, 96%-ы жаңа мамандықтар мен мемлекеттік үлгідегі куәліктерге ие болды.

Дуалды оқыту. Түлектердің 90 пайызы жұмыспен қамтылған

Осы орайда, Атырау облысы, Исатай ауданының аумағында орналасқан бұрғылау орнына баратын 100 шақырым жолдың 100 жылдан бері жөндеу көрмегенін де айта кету керек шығар. Ақтөбе-Астрахан бағытындағы республикалық маңызы бар күрежолдың соңғы рет қашан жөндеу көргенін ешкім де тап басып айтып бере алмайды. Мұнайдың үстінде отырып, "қарға адым жердің" жолын жөндей алмағандарына қынжылғанымызды несін жасырайық. Дегенмен, бұл күре жолдың неге жөнделмей жатқанын аудан тұрғындарының "іші сезетін" секілді.

Компания өкілдері биылдан бастап жөнделетінін, сол үшін қаржы да бөлінгенін айтты. Біз сендік...

Өзгелердің жаңалығы