Бас жаңалықтар
ДСМ Жамаловтың вакцинаға қатысты депутаттық сауалына жауап берді
14 Мамыр 2021, 19:39 875

ДСМ Жамаловтың вакцинаға қатысты депутаттық сауалына жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Аманжан Жамаловтың депутаттық сауалына жауап ретінде өз ұстанымын білдірді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамаловтың бұдан бұрын жалпы отырыста айтылған депутаттық сауалына жауап ретінде мынаны хабарлаймыз.

Бұдан бұрын ОКҚ алаңында хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Спутник V вакцинасын әзірлеушілерден РҒА академигі, Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің «Вакцина дозалары арасындағы аралықтың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейді, ал кейбір жағдайда иммунитеттің жоғары белсенділігіне алып келеді» деген қолы қойылған ресми хат алды.

Әзірлеушінің осы ұсынысын басшылыққа ала отырып, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына «Спутник V» екінші компонентімен вакцинациялау мерзімін 21-ден 45 күнге дейін ұзарту бойынша өзгеріс енгізілді. Жоғарыда көрсетілген хатта атап өтілгендей, «Спутник V» екінші компонентімен 90 күн ішінде вакцинациялауға жол беріледі. Бұл ретте, қажет болған жағдайда, Қазақстан азаматтары вакцинаның бірінші компонентін алған жері бойынша өтініш бере алады және 21-күні екінші компонентті ала алады, - делінген министрлік хабарламасында.

Осылайша, вакцинаның екі компоненті арасындағы интервал бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ұстанымы құқықтық негізге ие және Телеграмм-арнадан алынған үзінділерде емес, препаратты әзірлеушінің ресми түсіндірмесінде қалыптасқан.

Естеріңізге сала кетейік, республиканың Бас санитарлық дәрігерінің қызметі Қазақстан халқының денсаулығы туралы кодекспен реттеледі.

Жалпы, аралықтың ұлғаюы иммундауды едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді, ал вакцинаның бірінші компонентін енгізу антиденелер шығаруды қамтамасыз етуге және 3 аптадан кейін азаматтарда иммунитеттің қалыптасуына мүмкіндік береді. «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті жеткілікті мөлшерде бар екенін, айта кету керек,

Естеріңізге сала кетейік, КВИ-ға қарсы вакцинация екі кезеңде жүргізіледі: алдымен I компонентпен 0,5 мл дозада, содан кейін 45 күннен кейін вакцинация күнін есептемегенде - II компонентпен 0,5 мл дозада; бұл ретте, жекелеген жағдайларда вакцинацияланушының өтініші негізінде II «Гам-КОВИД-Вак» компонентімен 21 күннен 90 күнге дейінгі кезеңде вакцинация жүргізуге жол беріледі».

Қазіргі уақытта «Спутник V» вакцинасының қалдығы: бірінші компонент – шамамен 200 мың доза, екінші компонент – 220 мың дозадан астам. Бұдан басқа, халықты иммундау үшін БАӘ «Синофарм» компаниясымен бірлесіп шығарған 28 мыңнан астам доза отандық «QazVac» вакцинасы және 350 мыңға жуық доза «Hayat-Vax»вакцинасы бар.

Осы аптада екінші компоненттің вакциналары 400 мың дана көлемінде келеді деп күтілуде. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды елге жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде және жеткілікті мөлшерде, тапшылық байқалмайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды санитарлық нормаларды ғана емес, ақпараттық гигиена ережелерін де қатаң сақтауға шақырады. Бұл, ең алдымен, әртүрлі байланыс арналары арқылы таратылатын жалған және арандатушылық ақпараттарға сенбей, коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі ресми көздерден алынған ақпаратты пайдалануды білдіреді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...