ДСМ вакцина жеткізу бойынша қандай компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты

21 Сәуір 2021, 18:31
1982
Бөлісу:
ДСМ вакцина жеткізу бойынша қандай компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстан коронавирусқа қарсы вакциналарды жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан компаниялар ретін тізіп берді.

Мәреде кейбір келіссөз әлі жүргізіліп жатыр. Өндірушілердің шешімі бойынша барлық мәлімет құпия ақпарат болып саналады. Сондықтан келісімшарттарға қол қойылғаннан кейін ғана біз бұл туралы толыққанды мәлімет бере аламыз. Сәуір айында Қазақстанға шетелдік вакцинаның 500 мың дозасына дейін түсуі мүмкін деп жоспарлап отырмыз, - деді Нұрлыбек Асылбеков.

Ол әлемде вакцина тапшылығына байланысты мұндай шешімдер ірі трансұлттық компанияларда жылдам қабылданбайтынын атап өтті.

Қазір бұл Pfizer/BioNTech, Johnson & Johnson, Sinopharm - Қытай вакцинасы. Келіссөздер процесі баяу жүріп жатқан бірқатар басқа компания да бар, - деді ол.
Бұған дейін КВИ-ге қарсы вакцина алғаннан кейін жүктілікті қашан жоспарлауға болатыны айтылды.


Өзгелердің жаңалығы