ҚР ДСМ мен ДДСҰ ынтымақтастық меморандумына қол қойды

13 Ақпан 2020, 15:52
1251
Бөлісу:
ҚР ДСМ мен ДДСҰ ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры, доктор Ханс Клюге ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Онда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы 2020-2021 жылдарға арналған халықтың денсаулығын нығайту көзделген.

Келісімнің негізгі мақсаты қоғамдағы мемлекеттік дамудың барлық бағыттарында сектораралық тәсілді қолдану арқылы азаматтардың денсаулығын нығайту және денсаулыққа қатысты әділетсіздіктерді азайту үшін бар мүмкіндіктерді пайдалану.

Елжан Біртанов Қазақстан Үкіметі мен ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының ынтымақтастық туралы екіжақты келісімі Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті. 

Сонымен қатар, ол медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік беретін алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) бойынша жедел негіз енгізу қажеттілігіне назар аударды. Министрдің айтуынша, бұл бағытта ұлттық деңгейде ғана емес, аймақтық, өңірлік және жаһандық деңгейде де жұмыс істеу маңызды.

ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атады.

Біз медициналық қызметтер мен дәрілік заттарға, оның ішінде вакциналарға қолжетімділікті жақсартуды; өмір сүру жағдайы, қоршаған орта және т.б. сияқты адамдардың денсаулығына әсер ететін негізгі факторларды; Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы басымдықтарды айқындау мақсатында сектораралық ынтымақтастықты күшейтуді қоса алғанда, бірнеше бағыттармен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бағдарламасына ерекше назар аударамыз. Бұл коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты қазіргі уақытта да өте өзекті мәселе, - деді ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге.

Жалпы, тараптар ынтымақтастық туралы келісім аясында өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік туатынын атап өтті. Бұл қазір азаматтар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, коронавирустың жаңа түрінің таралуына жол бермеу үшін аса маңызды.

Өзгелердің жаңалығы