Бас жаңалықтар
ДСМ Людмила Бюрабекованың қызметтен кету себебін айтты
25 Қыркүйек 2020, 16:42 212

ДСМ Людмила Бюрабекованың қызметтен кету себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов «ҚР тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсету туралы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында вице-министр Людмила Бюрабекованың қызметтен босатылу себебін айтты.

Людмила Бюрабекова басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан өз еркімен кетті. Бірақ оның қандай қызметке ауысатыны әлі белгісіз. Белгілі болғанда нақтырақ айтамыз, - деді ол.
Айта кетейік, Людмила Бюрабекова 23 қыркүйекте Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған еді. Ол қызметке 2020 жылдың сәуір айында, Елжан Біртанов министр болған кезде тағайындалған.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...