ДСМ хатшысы ауысты

30 Шілде 2020, 15:05
869
Бөлісу:
ДСМ хатшысы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, бұған дейін министрліктің хатшысы қызметін атқарған Ботагөз Жақселекова қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы