ДСМ "белгісіз пневмонияға" қатысты пікір білдірді

30 Шілде 2020, 19:50
1225
Бөлісу:
ДСМ "белгісіз пневмонияға" қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Біз алдын ала жүргізілген клиникалық зерттеулерді қарап шықтық. Олар бұл пневмонияның коронавирус пневмониясы екенін білдіреді. Әрине, олар коронавирус сынамасында теріс нәтиже көрсетеді. Бірақ тереңінен қарасаң, оның коронавирус екені нақтыланып отыр, - деді министр.

Оның айтуынша, "белгісіз пневмонияға" да коронавирус инфекциясына сияқты ем-дом жасалады.
Симптомы коронавирусқа ұқсас пневмонияны емдеу коронавирус инфекциясын емдегенмен бірдей. Біздің емханаларда, стационарларда ондай науқастар жатыр. Олар коронавирус жұқтырған, ПТР оң нәтиже көрсеткен науқастар сияқты тиісті көмекті алуда. Әрине, пневмонияның жартысының табиғаты басқа. Ол вирустық болып саналады. Бұл вирустар осыған дейін де Қазақстанда болған: бактериалды, саңырауқұлақты. Бұл вирустан осыдан он жыл бұрын да болған, қазір де бар. Біз коронавирус пневмониясының жаңа толқыны туралы айтып отырмыз. Мұндай жағдай бізде ғана емес, көрші елдерде де байқалып отыр. Вирусты кейбір кездері тест көрсетпейді. Ауру пневмониядан басталып, нақтыланған коронавирус инфекциясымен аяқталады. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арнайы код енгізді. Яғни, адамдар шатаспас үшін арнайы категорияны ензігіп отыр, - деп түйіндеді ол.
Өзгелердің жаңалығы