Атырауда 800 млн теңгеге жөнделген драма театры өртеніп жатыр

22 Тамыз 2019, 16:12
2337
Бөлісу:
Атырауда 800 млн теңгеге жөнделген драма театры өртеніп жатыр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраудың орталығында орналасқан драма театр өртеніп жатыр. Бұл ақпаратты Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Өрттің видеосы облыстық әкімдіктің Telegram-каналында пайда болды. 


ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінде атап өткендей, өрт электр қалқанынан шыққан.

«22 тамыз күні сағат 14:30-да Атырау қаласының «101» пультіне «М. Өтемісов атындағы қазақ драма театрында» өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. 2-қабатта электр қалқанынан тұтанған өрт ғимараттың шатырына ұласты. Өрттің болжамды ауданы - 1500 ш.м. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 40 адам мен 7 техника қатысты. Полиция қызметкерлері драма театрының аумағын қоршауға алды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

«Ақ Жайық» порталының мәліметінше, жуырда ғана облыстық драма театрында 800 миллион теңге бюджет қаржысы жұмсалған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы