Драма.KZ-2020 фестиваліне пьесаларды қабылдау басталды

30 Маусым 2020, 12:46
1447
Бөлісу:
Драма.KZ-2020 фестиваліне пьесаларды қабылдау басталды

Алматы, BAQ.KZ. Іріктеуден өткен пьесалар қазан айының соңында режиссёрлік оқулар форматында Алматы қаласындағы «ARTиШОК» және Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында көрсетіледі.

Егер сіз 16 жастан асқан Қазақстан тұрғыны болсаңыз, қазақ және орыс тілдерінде жазған пьесаларыңызды жібере аласыз.  Пьесаларды қабылдау мерзімі – 2020 жылдың 15 қыркүйегіне дейін. Шығармаларды festival@drama.kz электронды поштамызға жіберуіңізді өтінеміз,-делінген хабарламада.

Авторлар 2015 жылдан кейін жазылған үш пьесадан артық жібере алмайды. Драма.KZ фестиваліне бұрын жіберілген пьесалар қайта қарастыруға қабылданбайтыны да айтылған.

Байқау нәтижесі 2020 жылғы қазан айының басында жарияланады. Іріктеуден өткен пьесалар 2020 жылғы қазан айының соңында (егер барлығы ойдағыдай шешіліп, пандемияның екінші толқыны болмаса) режиссёрлік оқулар форматында Алматы қаласындағы "ARTиШОК" және Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында көрсетіледі. Әр оқудан кейін актёрлер, көрермендер және театр мамандарының қатысуымен пьеса талқыланады.

Қатысу ережелерімен drama.kz сайтында танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы