РФ Федерация Кеңесінің төрайымы «Достық» орденімен марапатталды

12 Шілде 2019, 18:01
1729
Бөлісу:
РФ Федерация Кеңесінің төрайымы «Достық» орденімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Валентина Ивановна Матвиенконы І дәрежелі «Достық» орденімен наградтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Матвиенко Валентина Ивановна І дәрежелі «Достық» орденімен наградталсын», - делінген Қаулыда.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Өзгелердің жаңалығы