Достық-Алашанқай. Шекарада қандай проблема бар?

31 Шілде 2020, 17:37
2374
Бөлісу:
Достық-Алашанқай. Шекарада қандай проблема бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен онлайн форматта ҚХР бағытына теміржол көлігімен жүк тасымалдау мәселелері бойынша кеңес болып өтті. 

Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі күні Достық-Алашанқай шекарадан өткізу пункті бағытында тиелген вагондарды жылжыту проблемасы бар. Мамыр айынан бастап біздің экспортшыларымыз тиеген жүктерінің айтарлықтай артуымен шекаралық учаскелерде жүктелген құрамдардың жиналып қалуына алып келді. Шамамен тиелген 3,5 мың вагон қозғалысы уақытша тоқтатылды. Туындаған проблеманы жою мақсатында министрліктің қытайлық тараппен, тікелей Қытай темір жолдары мемлекеттік әкімшілігімен келіссөздері жүргізілуде. ҚХР Үкіметінің атына тиісті хат әзірленді, - деді Бейбіт Атамқұлов. 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қанат Әлмағамбетов өз баяндамасында ҚХР экспорттық және транзиттік жүктерді дер кезінде өткізу үшін Алтынкөл (ХМТН) арқылы жүк ағынының бір бөлігін қайта бағыттау бойынша жұмыстар жүргізілуде екендігін атап көрсетті. 

7 айда осы түйіспе арқылы жүк тасымалының үлесі 4%-тен 23%-ке дейін өскен. Бұдан басқа, контейнерге жарамды жүктерді контейнерлермен тасымалдау көлемін қайта бағыттау бойынша жұмыстар жүргізілуде (ағымдағы жылдың 7 айында контейнерлермен экспорттау өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 13% құрады). 
Жүк жөнелтушілермен сусымалы жүктерді биг-бегтерге тиеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған шара түсіру уақытын 12-14 дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жұп доңғалақтарды кеңінен тар табанға қайта қоюмен 30 тиелген (темір рудасы) вагонның сынамалы жөнелтілімі жүзеге асырылды, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы