Достық үйінде «Аналар аманаты» көрмесі өтуде

6 Сәуір 2019, 17:11
2120
Бөлісу:
Достық үйінде «Аналар аманаты» көрмесі өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттық тобы Достық үйінде қолөнер шығармашылық орталығы мен «Аналар аманаты» көрмесін тамашалады. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты хабарлады.

Кездесу барысында депутаттар елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени орталықтарының жұмысымен танысты.  Экспозиция туралы қонақтарға «Аналар аманаты» қолөнер шығармашылық орталығының жетекшісі Ырза Тұрсынзада айтып берді.

«Мұнда мен өмір бойы жинаған коллекциямды қойдым.  Осы бірегей заттар арқылы мен қазақ мәдениетінің бай әрі алуан түрлі екендігін көрсеткім келді.  Көрмеде ұлттық киімді, көне күміс әшекейлерді, тұрмыстық заттарды көре аласыз. Достық үйіне экспозицияны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін», – деді ол.

«Аналар аманаты» қолөнер шығармашылық орталығы Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің құндылықтарын жаңғырту және ілгерілету мақсатында ашылды. «Көрме керемет болды! Географияны кеңейту керек, жас ұрпақты тарту үшін өңірлерге көшпелі көрмелер жасау керек. Жастар Қазақстанда тұратын халықтардың тарихын жетік білуі қажет», – деді VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов.


Өзгелердің жаңалығы