Досқараев ұлттық құраманың жеңілісі туралы: Теннисшілеріміз бар күшін салды

22 Сәуір 2019, 09:00
2283
Бөлісу:
Досқараев ұлттық құраманың жеңілісі туралы: Теннисшілеріміз бар күшін салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев Лондонда өткен  Федерация кубогындағы қазақстандық теннисшілердің жеңілісіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады BNews.kz.


Ұлыбритания астанасы Лондондағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтті. Мұнда Қазақстан мен Ұлыбританияның әйелдер құрмасы өзара күш сынасты. Алайда қазақстандық спортшылар 1:3 есебімен қарсыластарына жол берді.

Юлия Путинцева ұлыбританиялық теннисші Йоханна Контеден жеңілсе, Зарина Диас алғашқы кездесуінде Кэйти Бултерден айласын асыра алмады.

Диас Досқараевтың пікірінше, мұндай нәтижеге мұңаюдың қажеті жоқ.

"Екі күнде 4 матч өткіздік. Оның барлығы 3 партиядан тұрды.  Мүмкін бізге сәттілік жетіспеген шығар. 3 партиядан тұратын кездесулердің тағдыры тек сәттілікпен шешілмейді де. Кей кездері спортшылардың денсаулығы сыр берді. Өкінішті жағдай. Теннисте барлығы болуы мүмкін. Бұл спорт. Кеше Юлия жеңіске жетті. Ал бүгін қарсыласынан жеңіліп қалды. Заринада мүмкіндік көп болды. Алайда ойынның тағдыры кез келген сәтте шешілуі мүмкін. Бұл теннис қой. Оны сол үшін жақсы көреміз. Кейде жеңілгендердің қатарынан табылған кезде оны жек көруіміз мүмкін", - дейді теннистен Қазақстан құрамасының капитаны.

Сонымен қатар, ол ұлыбританиялық спортшылардың жақсы ойын өрнегін көрсеткенін атап өтті.

"Қарсыластарымыз нәтижелі ойын көрсетті. Олар барлық мүмкіндікті пайдаланды. Бұл спорт. Шеберлігіңді шыдамай, мұндай соққылар жасау мүмкін емес. Кей кездері спортшылардың денсаулықтары сыр берген сияқты. Кеше Зарина Контеге қарсы ойнағанда, кортта көп жүгірді. Бүгін бірінші сет өте ауыр өтті. Ол 2:4 есебімен жеңiлic тапты. Ұлыбританиялық қарсыластарымыз жақсы ойын өрнегін көрсеткенін мойындауымыз қажет", - деді Диас Досқараев.

Оның айтуынша, ұлыбританиялық Кэйти Бултер өте жақсы ойнапты.

"Бұл спортшының қатысуымен қаншама матч көрдім. Бірақ ол осы күнге дейін бұлай ойнамаған. Ұлттық құраманың спортшылары шеберліктерін шыңдап, жақсы ойын өрнегін көрсетеді. Сондықтан ұлыбританиялық теннисшілер мықты болды. Қыздарымызға жеңіске деген құлшынысы үшін алғыс айту керек. Олар қолдан келгеннің барлығын жасады. Ештеңеден қорыққан жоқ. 100%-ке соңына дейін күресті", - деп түйіндеді сөзін капитан.

Айта кетейік, 20-21 сәуір күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтті. Мұнда Қазақстан мен Ұлыбританияның әйелдер құрмасы өзара күш сынасты.

Әйелдер құрамасы теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жалпы үш рет, яғни Францияға (2013), Канадаға (2017) және Ұлыбританияға (2019) жолдама алған.

Аталған жарыста қазақ елінің намысын Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Галина Воскобоева қорғады. Олардық қарсыластары Йоханна Конта, Кэйти Бултер, Хитер Уотсон, Хэрриет Дарт, Кэйти Суон болды.
Өзгелердің жаңалығы