Демалуға барамын деп, ауру арқалап қайтпаңыздар – экс-министр вирус туралы

27 Ақпан 2020, 17:31
4127
Бөлісу:
Демалуға барамын деп, ауру арқалап қайтпаңыздар – экс-министр вирус туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экс-министр, танымал хирург, медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР МҒА академигі Жақсылық Досқалиев қазақстандықтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және коронавирус тіркелген елдерге бармауға шақырды. 

Бұл коронавирус инфекциясының бар екендігі біздің Қазақстанға 2019 жылдың желтоқсан айында белгілі болды. Содан бастап, алдын алу шарасы өте жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Оның ішінде, ең бірінші Қытайда жүрген Қазақстан азаматтарын қайтару. Екінші, үкімет тарапынан көп қаражат бөлінді. Ол ақша құрал-жабдықтар алуға, күнбе-күн қызмет жасап жүрген медперсоналдарға қажет. Барлық облыста адам ауырып қалады-ау деген кезде жатқыза қоятын инфекциялық койкілер ашылды. Ол бокстар. Сосын карантиндік койкілер бар. Ауырған адамдар келген кезде 14 күн карантинде болуы керек. коронавирус – адам өкпесінің жасушасына әсер етеді. Мінекей, осы инфекция кіргеннен ауыру басталғанша аралық инкубациялық кезең деп аталады. Қытай тарапы бұл мерзімді 14 күнді құрайды деп ақпарат берді. Соңғы кездері 24 күн болуы керек деп жатыр. Келген адамдар 14 күн карантинде болады, ал 10 күнді үйінде өткізеді. Немесе жеңілдетілген карантин қарастырылған, - дейді Жақсылық Досқалиев. 

Оның айтуынша, коронавирустың таралуы тез. Сондықтан ауру таралған елдерге демалуға, іссапарларға бармауға тырысу қажет. 

Халыққа айтарым – бұл инфекция елге кірген жоқ. Үкіметтің, денсаулық сақтау министрлігінің сақтық шараларының нәтижесі деп санаймын. Әрине, келмейді деп отыруға болмайды. Сақтандыру шаралары күшейтілген режимде өткізіліп жатыр. Енді осыған көзқарас дұрыс болу керек. Бүгінгі таңда 33 елде коронавирус инфекциясы тіркелді. 81129 адам ауырып жатыр, 2700-і қайтыс болды. Бұл аурудың тарауы өте тез, қайтыс болғандар көп. Өйткені, барлық құрлыққа тарап кетті. Демек, өте қатерлі инфекция. Оның үстіне емделуі өте қиын. Біріншіден, балалар ауырады, әсіресе иммунитеті әлсіздерге оңай емес. Ересектер арасында жүкті әйелдер, созылмалы патологиясы бар адамдар ең осал болып табылады. Ауру тараған елдерге бармағандарыңыз дұрыс. Бас санитар Бекшиннің айтқанын тыңдаңыздар. Демалуға барамын деп, ауру арқалап қайтпаңыздар, - дейді профессор.

Өзгелердің жаңалығы