Бас жаңалықтар
Досаев еттің неге қымбаттағанын түсіндірді
14 Қыркүйек 2021, 10:27 424

Досаев еттің неге қымбаттағанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.

Қазақстанда инфляцияның өсуі барынша орнықты сипатқа ие болуда. Биыл сәуірден бастап тамыз аралығында жылдық инфляция 7,0%-дан 8,7%-ға дейін өсті. Бағаның ай сайынғы өсуі 2008 жылдан бері алғаш рет тамызда ең жоғары болды, - деді Досаев.

Досаев маусымдық тазартылған базалық инфляция, яғни көкөністер мен жемістер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызметтері мен энергия ресурстары бағасының өсуін есепке алмағандағы 25%-ға жоғары болғанын айтты.

Тұтыну бағасының жиынтық индексінің 51%-ын құрайтын азық-түлік инфляциясы тарапынан бағаларға негізгі қысым көрсетіледі. Оның жылдық өсуі бір айда 0,4 пайызға өсіп, осы жылғы тамызда 11,4%-ға жетті. Ет, көкөністер, май және қант бағасының өсуі байқалады. Осы тауарлардың азық-түлік компонентіне қосатын үлесі биылғы мамыр-тамызда 2,55 пайызды құрады, - деді ол.

Досаев еттің қымбаттау факторларының арасында осы жылдың 7 айында жем-шөптің 25%-ға қымбаттауына байланысты әлемдік бағаның және ішкі өндірушілер бағасының өсуін атап өтті.

Жем-шөп дақылдарының құны ет өндірісінің өзіндік құнының 70%-ын құрайды, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...