Бас жаңалықтар
Досаев енді 1 трлн теңгеге бағалы қағаздар шығарумен айналыспақ
14 Шілде 2020, 10:06 85

Досаев енді 1 трлн теңгеге бағалы қағаздар шығарумен айналыспақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында 2020 жылдың соңына дейін Қазақстан 1 триллион теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар шығаратынын айтты.

Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларының шеңберінде агенттік пен Ұлттық банк пруденциялық реттеу шаралары мен мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру арқылы экономиканы кредиттеуді ынталандыруды жалғастырады. Экономикалық белсенділікті қолдау үшін қаржы нарығын дамытады. Инвесторларды тарту жұмысы жалғасады. Ол үшін Қаржы министрлігімен бірлесіп 2020 жылы 1 жылдан 3 жылға дейінгі секторда және 2021-2022 жылдары 1 жылдан 5 жылға дейінгі секторда мемлекеттік бағалы қағаздарды (МБҚ) шығару қамтамасыз етілетін болады, - дейді Досаев. 

Оның айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін тұрақты негізде 1 трлн теңгеге дейінгі көлемде қысқа мерзімді қағаздарды шығарумен МБҚ-ны шығару кестесіне тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын облигациялардың халықаралық индекстеріне енгізу жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Қор нарығын экономикаға инвестициялар тартудың маңызды көзі ретінде одан әрі дамыту үшін агенттік ұлттық банкпен және үкіметпен бірлесіп, оның артта қалу проблемалары мен себептеріне талдау жүргізеді. Соның негізінде қор нарығын одан әрі дамыту, оның ішінде оны Астана халықаралық қаржы орталығының әлеуеті мен инфрақұрылымын пайдалана отырып, халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдастыру жөнінде кешенді ұсыныстар дайындайды, - дейді Ұлттық банк төрағасы.


Фото: дереккөз
Загрузка...