Досаев азық-түлік бағасын төмендету үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты

7 Қыркүйек 2021, 09:45
5138
Бөлісу:
Досаев азық-түлік бағасын төмендету үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.

Ұлттық банк инфляцияға қарсы ден қою шаралары аясында монитарлық факторларды тұрақтандыру мақсатындағы жедел шараларды қабылдайды. 8 айда 11,4 пайыз деңгейінде азық-түлік бағасының өсуі инфляцияны жеделдетуге үлес қосты. Инфляцияны тұрақтандыру бойынша ортамерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет тауарларының өндірісі импорт пен экспорт тауарларын өндіруді сақтай отырып, ішкі нарықты жан-жақты толықтыру бастамаларын іске асырады, - деді ол.

Досаев бұл шаралар азық-түлік инфляциясын 2022 жылы 6%-ке дейін және 2023-2024 жылдары 5%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша басқа тауарлар мен қызметтерге тікелей әсер етумен қатар айтарлықтай жанама ықпал ететін жанар-жағармай нарығы бағаның өсуін тежеудің негізгі әлеуетіне жатады. Үкіметпен келісім бойынша біз азық-түлікке жатпайтын инфляцияның 2022 жылы 5%-кедейін және 2023-2024 жылдары 4%-ке дейін төмендеуін күтеміз, - деді Досаев.

Өзгелердің жаңалығы