Допты хоккейден биылғы әлем чемпионаты өтпейді

15 Қыркүйек 2020, 06:27
1639
Бөлісу:
Допты хоккейден биылғы әлем чемпионаты өтпейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Допты хоккейден биылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жоспар бойынша аталған әлем біріншілігі Ресейдің Иркутск аймағында өтуі тиіс еді. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты ұйымдастырушылар жарысты өткізбеуді дұрыс тапқан.

Аталған дода жарыс күнтізбесінде 5-11 қазан күндеріне белгіленген еді.

Өзгелердің жаңалығы