Елордада дөнер киоскісін тонамақ болған ерлі-зайыптылар ұсталды

10 Қазан 2019, 17:15
1814
Бөлісу:
Елордада дөнер киоскісін тонамақ болған ерлі-зайыптылар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 жастағы жігіт пен қыз мас күйінде киоскіге кіріп кетіп, полицейлерге ұсталып қалған.

Бұл туралы елордалық ПД баспасөз қызметі.

«9-нан 10-шы қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласы ПД жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы дөнер киоскісіне терезе арқылы кіріп кеткен ер адамды байқады. Оқиға орнына бірден полиция жасағы жіберілді. Аз уақыт ішінде полицейлер ұрлықшыны және оның сыбайласын ұстап алды», - делінген ведомство хабарламасында.

Ұсталған азаматтар «Сарыарқа» ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу барысында 26 жастағы жігіт пен қыз мас күйінде киоскіге кіріп кеткені анықталды.

Қазір жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Өзгелердің жаңалығы