Бүгін – Ұлттық домбыра күні

7 Шілде 2019, 10:04
4083
Бөлісу:
Бүгін – Ұлттық домбыра күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әр жылы шілде айының бірінші жексенбісінде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін атап өтеді. 

Мұндай Жарлыққа Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 13 маусымында қол қойып, айтулы мерекені бекіткен болатын.

"Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын;

2. ҚР Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР президентінің Әкімшілігіне жүктелсін;

4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлық мәтінінде.

Аталған мереке өткен жылы 1 шілдеге сәйкес келген болса, биыл 7 шілдеде аталып өтеді.

Домбыра – қазақ елінің көнекөз шежіресі. Ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Сол ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені айтпаса да белгілі. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін де жандандыруда да бұл күннің алар орны ерек болмақ.

Екінші жыл тойланғалы отырған іс-шараға барша қазақ елі өз үлесін қосуды парыз санары анық. 

Өзгелердің жаңалығы