Бас жаңалықтар
"Домбыра" фильмі Үндістанда өткен фестивальде үздік атанды
22 Қазан 2019, 19:46 255

"Домбыра" фильмі Үндістанда өткен фестивальде үздік атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас режиссер Рамазан Халиолланың қысқаметражды "Домбыра" фильмі Нью-Дели қаласында өткен 8-ші Халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивалінде (Delhi Shorts International Film Festival) "Үздік фильм" жүлдесін жеңіп алды.

"ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильмнің" "Дебют" шығармашылық-өндірістік бірлестігі түсірген бұл фильм домбыраның құлағында ойнап, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандаған Әсет есімді баланың өмірін
баяндайды", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, аталған кинотуынды биыл Алматыда өткен IV Халықаралық Baiqonyr ISFF кинофестивалінің конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіліп, "Бродвейдің таңдауы" сыйлығын алған.

Нью-Делидегі DSIFF халықаралық кинофестивалі алғаш рет 2012 жылы өткен болатын. Ұйымдастырушысы – Miniboxoffice үнді компаниясы.

Биыл фестивальдің халықаралық қазылар алқасын испан режиссері Виктор Мануэль Лопесмуньос басқарды. 

Сонымен қатар, қазылар алқасы құрамында: продюсер Виктория Сил (Жапония), режиссер Ракел Руиз (Аргентина), режиссер Прашант Сегал (Үндістан) болды.


Фото: дереккөз
Загрузка...