Долларды төмен бағамен сатып алуға бола ма?

27 Мамыр 2020, 15:19
1841
Бөлісу:
Долларды төмен бағамен сатып алуға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BAQ.KZ. Бүгінде еліміздегі 1 доллардың бағамы 413,12 теңгені құрады. Осы ретте шетелдік валютаны тиімді бағамен, дәлірек айтсақ 1 долларды 388 теңгеге сатып алу мүмкіндігі беріліп отыр.

Сонымен, бұл мүмкіндікті Forte қосымшасы беріп отыр. Бүгінде қосымшаның тұжырымдамасы толығымен өзгеріп, төлемдер мен аударымдардың әдепкі қызметін қайта безендіріп, жетілдіріп, цифрлық экожүйенің жаңа өнімдері және қызметтері жасақталды. Қазір банктің мобильді қосымшасы сандық экожүйенің негізгі кірісі.

Біздің команда күнделікті өмірімізде жиі қолданылатын валюта айырбастау қызметін егжей-тегжейлі талдады. Біз сондықтан мүлдем ерекше тәсілді жүзеге асырғанымызға сенімдіміз. Өзге елді айтпағанда, Қазақстан нарығынан жеке тұлғаларға пайдалы мұндай шешімді көрген емеспіз, - дейді банктің қазынашылық бөлімінің басшысы Асыл Дәуітбаев.

ForteForex сауда алаңы – банктің барлық клиенттері валютаны өз бағамы бойынша сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін қосымша. Енді валюта айырбастау пунктері мен банктерден ең жақсы бағаны іздеудің қажеті жоқ. Қазір Forte клиенттері бір-бірімен делдалдарсыз, спрэдтерсіз және кез келген басқа шығындарсыз валюта сатып алады!

Алаң толық автоматтандырылған сауда дүкені бізге клиенттермен келіссөздер жүргізуге және бір-бірімен мобильді телефонның экранында бірнеше рет келісім жасауға мүмкіндік береді. Платформадағы барлық транзакциялар толығымен құпия болып табылады. Біз клиенттеріміздің бұл қызметке барынша риза болуы үшін 0 теңгелік комиссия құрдық, - деп атап өтті Асыл Дәуітбаев.

Жаңа өнімнің пайда болуына орай банк барлық тұтынушыларына арнайы курс түрінде тосынсый жасаған.

Ертең сағат 11:00-де ForteForex платформасына кіріп, бір сағат ішінде өзінің алғашқы өтінімін орналастырған кез келген адамға банк әрбір 100 АҚШ долларын үйреніп қалған ескі бағаммен - бір доллар үшін 388 теңгемен сатады, - деді FortamBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Тапсырыс беру үшін сіз Forte жаңа қосымшасын (мына сілтемені) жүктеп алуыңыз керек. Сосын басты беттегі ForteForex қойындысына өтіп, онда қысқаша жаттығудан кейін ең тиімді транзакцияны жасауға болады.

Өзгелердің жаңалығы