Бас жаңалықтар
Доллардың құны 385 теңгеге дейін түседі – сарапшы
21 Мамыр 2020, 18:07 264

Доллардың құны 385 теңгеге дейін түседі – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Доллардың құны 400 теңгеге дейін түсіп, содан кейін 385 теңге көлеміне тұрақтайды. Мұндай болжамды CEX.IO брокерінің деректерді талдау бөлімінің жетекшісі Юрий Мазур айтып отыр.

Сәрсенбіде АҚШ долларының жалпы әлсіреуіне қарамастан теңгенің құны төмендеп, сауда нарығында доллар 414,755 теңгеден сатылды. Дегенмен, жалпы алғанда теңгеге байланысты болжам жағымды болып отыр. Мұнай бағасы қайта көтеріле бастады. Карантиндік шектеулер алынып жатыр. Қазақстан ұлттық экономиканы қолдауға миллиардтаған доллар қаржы салуда. Мұнай бағасы 40 долларға көтерілгенде, теңге 400-ге дейін түседі. Сосын 385 теңге дейін тұрақтайды, - деді Юрий Мазур.
Мұнай  өндіруші елдердің күш-жігерінің арқасы мұнай нарығы біртіндеп қалпына келе бастайды.Brent баррелі 35,66 доллардан, ал жағдай тұрақталғанда 36 доллардан жоғары деңгейге көтеріледі.

Егер COVID-19-ның екінші жаһандық өршуі басталып, қатаң карантиндік шаралар қолданылмаса, мұнай бағалары барреліне 40-45 долларға дейін көтерілуі мүмкін.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...