Дмитрий Рейхерд әлем кубогінде үздік үштікке енді

27 Қаңтар 2019, 17:45
1728
Бөлісу:
Дмитрий Рейхерд әлем кубогінде үздік үштікке енді

Астана, BAQ.KZ. Канаданың Монт-Тремблан қаласында фристайлдан әлем кубогі кезеңі аяқталып, қазақстандық Дмитрий Рейхерд үздіктер қатарына енді. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлайды.

Ол 83.42 ұпай жинап, үшінші орынға табан тіреді.

Алтын жүлде Олимпиада чемпионы, канадалық Микаэль Кингсбериге бұйырса (86.73 ұпай), күміс медальді жапондық Икума Хоришима жеңіп алды (85.02 ұпай). Біздің тағы бір жерлесіміз Павел Колмаков 16-шы орында.

Өкінішке қарай, Юлия Галышева сәтсіз өнер көрсетті. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері 16-шы орынды қанағат тұтқан. Аяулым Әміренова 31 сатыда.

Өзгелердің жаңалығы