COVID-19 жұқтырған Дмитрий Песковтің қазіргі жағдайы қандай?

13 Мамыр 2020, 15:31
1275
Бөлісу:
COVID-19 жұқтырған Дмитрий Песковтің қазіргі жағдайы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды.

Оның қызы Елизавета gazeta.ru сайтына берген сұхбатында әкесімен 10 күн бұрын кездескенін айтты.

Мен отбасымнан бөлек тұрамын. 10 күн бұрын барлық сақтық шараларын сақтап, көшеде кездескен едік. Әкеммен күніне бірнеше рет хабарласып тұрамын. Жағдайы туралы ештеңе айта алмаймын, - деді оның қызы.

Песковтің қызы өзінің жағдайы жақсы екендігін айтып, әкесінің денсаулығына қатты алаңдайтынын жеткізді.
Менің денсаулығым жақсы. Қолдауларыңызға көп рақмет. Әрине, қатты қобалжып жүрмін. Коронавирусқа сенбей жүрген адамдар енді сенеді деп ойлаймын. Жағдайдың қаншалықты күрделі екендігін көріп отырсыздар, - деді Песковтің қызы.
Песковтің жұбайы Татьяна Навка да вирус жұқтырғандардың қатарында. Ол Песковтің жағдайы туралы айтып, өзінің жұбайымен тәжірибелі дәрігерлердің бақылауында екенін атап өтті. 
Бұл шындық. Біз дәрігерлердің бақылауындамыз. Барлығы қатаң тәртіппен жүргізілуде. Мен екі күн бойы өз-өзіме келдім, менде бәрі қалыпқа келді: қан көрсеткіші жақсы, дене қызуым жоқ. Әйелдер бұны оңай енсереді деген рас екен. Дмитрий Сергеевич те дәрігерлер бақылауында. Емделудеміз, - деді ол. 

Спортшы өзіңін Instagram-дағы парақшасында қажетті емдеу шараларын уақытында қабылдап, оларда инфекцияның ерте сатысында анықтағанын жазған. Сондай-ақ, ол Песковте жөтел және бірнеше күн бойы дене қызуының жоғарылауы байқалған. Сонымен қатар, оның жұбайының жағдайы оған қарағанда нашар екенін атап өтті. 

Айта кетейік, кеше Дмитрий Песков коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен соңғы рет бір ай бұрын кездескенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы