Дизель отынын тұтыну көлемі артып келеді

23 Қыркүйек 2021, 13:11
1132
Бөлісу:
Дизель отынын тұтыну көлемі артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев хабарлады. Оның айтуынша, биыл дизель отынын тұтынудың айтарлықтай өскен, әсіресе бұл тамыз айында қатты байқалыпты.

Тұтыну көлемі 519 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 84 мың тоннаға және 2019 жылмен салыстырғанда 37 мың тоннаға артты. Бұл елдің ішкі нарығының тарихында бір айдағы тұтынудың рекордтық көрсеткіші. Қыркүйектің бірінші жартысының қорытындысы бойынша біз тұтынуға қатысты осыған ұқсас жағдайды байқадық, - деді департамент басшысы.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынымен қамтамасыз етуде олқылықтарды болдырмау үшін жоспарлы жөндеу Павлодардағы мұнай-химия зауытына ауыстырылған. Бастапқыда жөндеу жұмыстарын 24 шілдеде 24 күн ішінде қайта өңдеумен бастау жоспарланыпты. Ал іс жүзінде жөндеу жұмыстары биыл 1 қазанда басталады.

Жалпы республикада 8 айдың қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3 млн 270 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 262 мың тоннаға немесе 9 пайызға артық. Сонымен қатар биыл біз дизель отынының рекордтық өндірісін күтеміз, біздің болжамымыз бойынша өндіріс көлемі 4,9 млн.тоннаны құрайды. МӨЗ-ді жаңғыртуды аяқтау дизель отынын өндіруді 2017 жылғы 4 миллион деңгейден былтырғыға қарағанда 4 миллион 900 мың тоннаға дейін ұлғайтуға, 900 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік берді, - деді Бауыржан Сәлімгереев.
Өзгелердің жаңалығы