Бас жаңалықтар
Диссертация қорғау: Жарияланымдарға қойылатын талаптар өзгерді
17 Мамыр 2020, 17:46 247

Диссертация қорғау: Жарияланымдарға қойылатын талаптар өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қойылатын талаптар қайта қарастырылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауға тиісті болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін докторанттар сапасы күмән тудыратын журналдарда жарияланымдар жасауға мәжбүр болды. Біздің ғалымдардың мақалалары халықаралық базалардан алынып тасталған, түкке тұрмайтын журналдарда жарияланған кездер де болатын. Осыған байланысты біз бұл тәжірибені өзгерту бойынша шешім қабылдадық, - делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, ендігі кезекте қарапайым ереже жұмыс істейтін болады.

Сапасы төмен журналдарда 7 мақала жариялағанның орнына, жоғары квартильге кіретін басылымдарда мақалалар жарияланса жеткілікті. Бірінші квартиль құрамына кіретін журналдарда бір ғылыми мақала шыққан болса, өзге жарияланымдар талап етілмейді. Бұл шара сапасыз жарияланымдардың санын азайтып, жүктемені жеңілдетеді және ғалымдарды дәйексөздері таралу бойынша жоғары деңгейдегі оригиналды ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады, - деп мәлімдеді ведомство баспасөз қызметі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...