Disney-дің тағы бір фильмі прокатта млрд доллардан астам жинады

16 Тамыз 2019, 21:28
1899
Бөлісу:
Disney-дің тағы бір фильмі прокатта млрд доллардан астам жинады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ойыншықтар тарихы 4» - компанияның 2019 жылдың басынан бері миллиардер-фильмі болған бесінші фильм. Бұл туралы Variety хабарлады.

Disney компаниясының биылғы бесінші жобасы прокатта миллиард доллардан астам қаржы жинады.

Жақында экранға шығуы керек картиналардан да көп қаржы түседі деп болжанып отыр. «Суық жүрек. Екінші бөлім», «Малефисенте-2» және «Жұлдыздар шайқасы – Скайуокер өрлеуінің» тоғызыншы бөлімі сияқты фильмдер шығады.

2019 жылдың шілдесінде прокаттан түскен ақша бойынша Disney компаниясы әлемдік рекорд жаңартты.

 


Өзгелердің жаңалығы