Disney пандемия салдарынан ондаған мың қызметкерін қысқартпақ

30 Қыркүйек 2020, 12:38
1236
Бөлісу:
Disney пандемия салдарынан ондаған мың қызметкерін қысқартпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыстан шығарылуы тиіс компания қызметкерлерінің жартысынан көбі толық емес жұмыс уақыты режимінде қызмет еткен.

Америкалық Walt Disney компаниясы коронавирустық пандемияға байланысты бірқатар экономикалық проблемаға тап болғанын, салдарынан АҚШ-тағы 28 мың қызметкерді қысқартуға мәжбүр болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bloomberg.

Бұл қадам қаншалықты ауыр болса да, бизнесімізге COVID-19-дың тигізген әсері салдарынан қолға алуға болатын жалғыз жол, - деді компания басшылығы.
Агенттіктің хабарлауынша, тақырыптық парктер, круиздік кемелер, бөлшек сауда кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ, басшылық мүшелері қысқартылады. Олардың жартысынан көбі толық емес жұмыс күні режимінде қызмет еткен.

Жалпы, пандемия басталғанға дейін компания штатында шамамен 100 мың жұмысшы болған. Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-та коронавирустың 7,4 миллион жағдайы тіркелді, оның 4,6 миллионы жазылып шықса, 200 мыңнан астамы қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы