Қазақстанның бірқатар шет мемлекеттегі дипмиссиясы қайта құрылды

18 Шілде 2019, 18:31
1826
Бөлісу:
Қазақстанның бірқатар шет мемлекеттегі дипмиссиясы қайта құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алты мемлекеттегі дипломатиялық миссияны қайта құру туралы қаулы етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қазақстан Республикасының Белград қаласындағы (Сербия Республикасы) дипломатиялық миссиясын қайта құру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Белград қаласындағы (Сербия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құрылсын. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, президент Қазақстан Республикасының Братислава қаласындағы (Словак Республикасы), Лиссабон қаласындағы (Португалия Республикасы), Рига қаласындағы (Латвия Республикасы), София қаласындағы (Болгария Республикасы) дипломатиялық миссиясын қайта құру туралы да қаулы етті.

Келесі кезекте мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Таллинн қаласындағы (Эстония Республикасы) Консулдығын қайта ұйымдастыру туралы қаулы етті.

Өзгелердің жаңалығы