​​Бүгін – Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет күні

2 Шілде 2019, 10:10
2651
Бөлісу:
​​Бүгін – Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күні 1992 жылы Қазақстанның Тұңғыш президенті ​​– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Сыртқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан Республикасының елшілігі туралы» және «ҚР Төтенше және өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» ережені бекіту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 

ҚР СІМ мәліметінше, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының алғашқы тұжырымдамасы қабылданды. Аталған құжат еліміздің сыртқы саяси бағытын іске асырудың стратегиялық қағидаттарын айқындап, Қазақстан дипломатиясының қызметі үшін айқын және нақты бағдарларды белгіледі.

Түрлі бағыттағы дипломатиялық белсенділіктің арқасында Қазақстан әлемнің барлық мемлекетімен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастардың сенімді жүйесін құрып, көптеген жаһандық процестің толыққанды белсенді қатысушысына айналып, қазіргі заманғы әлемдік құрылыстың аймақтық және жаһандық проблемаларын шешуге өзінің сындарлы үлесін қосып келеді.

Дипломат мамандығы күрделі және жауапты. Әр уақытта сыртқы саяси бағытында жұмыс істеу ең жақсы қасиеттер мен дағдыларды, бақылау ақылын, кең және терең білімді, икемділікті және шебер жазу мен сойлеуді білуді талап етеді.

Қазіргі таңда, еліміздің сыртқы саясатындағы белгіленген міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін Сыртқы істер министрлігінде маңызды жауапкершілік жүктелген талантты, перспективалы және жанкешті қызметкерлер көп жұмыс істейді.

Жоғары кәсібилікті, патриотизм сезімін және елге деген сенімін басшылыққа ала отырып, Отанымыздың мүддесіне адал әрі шексіз қызмет етуді жалғастыру қажет.

«Құрметті әріптестер, сізге осы күрделі, бірақ өте қызықты еңбекте табыс, ал дипломатиялық қызмет ардагерлеріне зор денсаулық, игілік және өркендеу тілейміз.

Қазақстан дипломатиясындағы барлық әріптестерімізді және қадірлі ардагерлерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге осы қиын, бірақ өте қызықты еңбекте табыс, зор денсаулық, игілік және өркендеу тілейміз», - деп құттықтады ҚР Сыртқы істер министрлігінде.

Өзгелердің жаңалығы