"Дипломмен ауылға" бағдарламасымен келген жастарға баспананы қымбатқа сатқан

12 Мамыр 2020, 22:22
1711
Бөлісу:
"Дипломмен ауылға" бағдарламасымен келген жастарға баспананы қымбатқа сатқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтоғай ауданының прокуратурасы "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бюджет қаражатын жұмсау бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жасады.

"Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" атты мемлекеттік қызметін ұсынатындығы анықталды.

Осы бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 204 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие бөлінді.

Прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде қарыз алушылар мен кепілге салынған тұрғын үйдің меншік иелерінің өзара қарым-қатынасы, сатып алынған тұрғын үйдің құнын көтеру фактілері анықталды.

Сонымен қатар 60 маманның мемлекеттік бюджетке 17 млн теңге қарыздарын өтеу бойынша берешектері анықталды, олардың көпшілігі осы уақытқа дейін әр түрлі салада жұмыс істейді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік қазынаға 1,5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Жергілікті атқарушы орган наразылық талап арыз жұмыстарын жандандырды.

Өзгелердің жаңалығы