Дінмұхамбет Сүлейменов "Қайрат" клубынан кетті

11 Тамыз 2019, 14:09
1833
Бөлісу:
Дінмұхамбет Сүлейменов "Қайрат" клубынан кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қайрат" футзал клубының атақты қорғаушысы, бірнеше жыл капитан болған Дінмұхамбет Сүлейменов өз еркімен клуб сапынан кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Olympic.kz мәлімдеді. 

Еркін агент ретінде Дінмұхамбет 2020 жылдың күзінде Литвада өтетін әлем чемпионатына Қазақстанның ұлттық құрамасының сапына қосылуға және алаңда ұзақ уақыт ойнауға  мүмкіндік алу үшін "Жетісу" (Талдықорған) мини футбол клубына ауысады.
Сүлейменов "Қайрат" құрамына 2009 жылы келді. Ол 10 жыл ішінде алматылық клубтың нағыз символы және үлгілі капитаны болды.
Өзгелердің жаңалығы