Діни форумның рухани мәні жоғары – Ислам зерттеулер академиясының Бас хатшысы

6 Қазан 2021, 14:16
1442
Бөлісу:
Діни форумның рухани мәні жоғары – Ислам зерттеулер академиясының Бас хатшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІХ отырысында әл-Азхар Ислам зерттеулер академиясының Бас хатшысы Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аяд (Египет Араб Республикасы) хабарлады. Сондай-ақ ол әлем бүгін қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткеріп отырғанын алға тартты.

Осыған байланысты бұл форум заманауи деп айтқым келеді. Себебі әлемде гуманитарлық дағдарыс пен қанды қақтығыстар орын алуда. Мұның барлығы адамдардың бір-бірін өлтіруіне алып келеді. Осы тұрғыда бірлескен әріптестік орнату мен проблемалық мәселелерді шешу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің рөлі жоғары, - деді әл-Азхар Ислам зерттеулер академиясының Бас хатшысы.

Сонымен қатар ол адамгершіліктің игілігіне бірлескен әріптестікті орнату үшін түрлі әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшылары мен басшылығының бас қосуына назар аударды.

Ол адамзатты оның табиғи мәніне оралтып, асыл армандарды – кедейлікпен және аурумен күресуді іске асыруға бағытталған. Бұл кездесу дер кезінде өткізіліп отырғаны сөзсіз. Себебі діни көшбасшылардың түрлі өкілдері қай діннің өкілі болып табылатындарына қарамастан адамдарды адамгершілікке оралту үшін игі мақсатты көздеп отыр, - деп атап өтті Назир Мұхаммед Мұхаммед әл-Назир Аяд.

Еске сала кетейік, бұған дейін шіркеу басшысы пандемия кезінде алып-сатарлық әрекеттер көбейгені туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы