Діндер лидерлерінің рөлі мен жауапкершілігі арта түсті – Шинсаку Мицуи

6 Қазан 2021, 14:35
1461
Бөлісу:
Діндер лидерлерінің рөлі мен жауапкершілігі арта түсті – Шинсаку Мицуи

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысында Джинджя Хонче» синтои храмдар қауымдастығы Халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі басқармасының төрағасы Шинсаку Мицуи (Жапония) іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Адамдар пандемиядан кейін психологиялық түрде ауыр кезеңдерді өткеріп жатыр. Әрине індет кезеңінде ауырғандар, оның салдарынан жақын адамдарын жоғалтқандар болды, - деді Шинсаку Мицуи.

Оның сөзінше, синтоизм табиғаттың және климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді қарастырады.

Бүгінгі күні балаларды тәрбиелеу барысында табиғаттың бізге беріп жатқан нұр-шапағатына рахмет айтуды үйрете білу керек. Сондай-ақ болып жатқан жақсылықтарға да алғыс айта білгеніміз жөн. Менің ойымша, бүгін отырысқа қатысып отырған әр лидердің өзіндік орны бар. Діндер лидерлеріне осынау ауыр жағдайдағы атқаратын рөлі мен міндетіне қойылған жауапкершілік арта түсті, - деп түсіндірді шетелдік діни басқарманың өкілі.

Ол сөзін қорытындылай келе Қазақстанның көшбасшыларына жылы лебізін білдірді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысын ұйымдастырып отырғандары үшін алғысымды білдіремін, - деп өз сөзін қорытындылады Шинсаку Мицуи.

Өзгелердің жаңалығы