Дінаралық диалогқа үлес қосқандарға Астана халықаралық сыйлығы беріледі

6 Қазан 2021, 15:56
1021
Бөлісу:
Дінаралық диалогқа үлес қосқандарға Астана халықаралық сыйлығы беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Съезд Хатшылығы басшысының орынбасары Серік Егізбаев айтты.

Жұмыс тобы отырысының күн тәртібіне сәйкес дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Құрметті медалін марапаттау өлшемшарттары талқыланды. Жұмыс тобының отырысына қатысушылар марапаттауға қойылатын өлшемшарттарға өзекті сипат беру талап етілетін шешім қабылдады, - деді Съезд Хатшылығы басшысының орынбасары Серік Егізбаев.
Ол Астана халықаралық сыйлығы мен Құрмет медалін алуға қандай тұлға не ұйым ұсынылатынын түсіндірді.
  • дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға және ілгерілетуге қоғамдарда және мемлекеттерде руханилықты, өзара құрмет пен үйлесімділікті өзара нығайтуға орасан зор үлес қосу;
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съездерінің жұмысына қатысу;
  • Съездердің, Съездер Хатшылықтарының пленарлық және секцияларында өзекті баяндамалар мен сөз сөйлеу, қатысу;
  • Әлемдік қоғамдастықта, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің бастамашысы ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық идеялар мен ұсыныстарын ілгерілету;
  • Съезд Хатшылығымен және оның әріптестері халықаралық ұйымдармен, орталықтармен белсенді ынтымақтастық орнату.

Қабылданған шешім жұмыс тобы отырысының хаттамасында көрініс тапты.

Съезд Хатшылығының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұл қазақстандық сыйлық болғандықтан, Съезд кезінде кандидаттар бойынша шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды.

Өзгелердің жаңалығы